MektepMenu-де жұмысты қалай бастай аламыз?
Асхананы жалға алушы MektepMenu-мен жұмыс істеуге келіскеннен кейін әкімші осы нұсқаулық бойынша жұмысты бастай алады
Мәзірді қалай толтырамыз ?
Төменде көрсетілген нұсқаулық бойынша жарияласңыз болады. Тағамдардың фотосуреттерін қосуды ұмытпаңыз!!!
Өңдеу батырмасы жоқ. Мәзірді қоса алмай отырмыз. Не істеуіміз керек ?
Асхана меңгерушісі MektepMenu-де мәміле жасасу жөніндегі ұсынысты қабыл алмаған. Жеткізуші MektepMenu-ге кіріп, онлайн мәміле жасасу жөніндегі ұсынысты қабылдағаннан кейін сізде “өңдеу” батырмасы пайда болады. Осы батырманы басу арқылы мәзірді еңгізе аласыз.
Бейненұсқаулық бойынша жұмыс жасасаңыз, сізде “өңдеу” батырмасы пайда болады:
Парақшамыз іске қосылмаған деп көрсетуде.Не істеу керек?
Оның бірнеше себебі болу мүмкін:
- 1. Кунделик порталындағы Асхана меңгеруші құқығын жалға алушыға беруді ұмытып кетсе
- 2. Асхана меңгерушімен келісімшарттың мерзімін MektepMenu порталында дұрыс көрсетілмесе
Егер төменде көрсетілген бейне нұсқаулықта көрсетілгендей барлық қадамдарды жасасаңыз, сізде портал іске қосылады
Мәзірді кім толтырады?
Мектеп басшылары мәзірді толтыру үшін жауапты қызметкерді өздері бекітеді.
MektepMenu-дің ақысын қалай төлейміз?
Ол үшін MektepMenu порталына кіріп, жоғарғы оң жақ бұрышта 3 сызықты басу керек. Кейін “Төлемдер” бөліміне өтіп, сол жерден төлем әдісін таңдаңыз, онда сіз төлем шоты немесе Kaspi QR арқылы төлей аласыз.
Менің баларымның мәзірі жоқ. Мәзір қашан пайда болады?
Егер сіздің мектебіңізде мәзірі жарияланбаған болса, сіздің мектебіңіз MektepMenu порталына қосылмаған немесе мәзірді жарияламай жүр. Бұл жағдайда мектеп басшыларына жүгінуіңіз керек.
Өткен күннің мәзірін еңгізуге немесе өңдеуге бола ма?
MektepMenu порталында өткен күннің мәзірін еңгізу немесе өңдеу мүмкін емес.