Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Қызметпен жұмыс істеу үшін келісімді қалай жасауға болады?
Ашықтық үшін шарт ҚР "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 13-бабының 1-тармағы, 3 тармақшасы негізінде баға ұсынысын сұрау жолымен немесе ҚР "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 39-бабының 3-тармағы 3 тармақсына сәйкес, бір көзден алу тәсілімен тікелей шарт жасасу арқылы жасалады;
Парақшамыз іске қосылмаған деп көрсетуде.Не істеу керек?
Оның бірнеше себебі болу мүмкін:
  1. Кунделик порталындағы Асхана меңгеруші құқығын жалға алушыға беруді ұмытып кетсе
  2. Асхана меңгерушімен келісімшарттың мерзімін MektepMenu порталында дұрыс көрсетілмесе

Егер төменде көрсетілген бейне нұсқаулықта көрсетілгендей барлық қадамдарды жасасаңыз, сізде портал іске қосылады.
Мәзірді кім толтырады?
Мектеп басшылары мәзірді толтыру үшін жауапты қызметкерді өздері бекітеді.
MektepMenu-де жұмысты қалай бастай аламыз?
MektepMenu қызметін пайдалану туралы шартқа қол қойғаннан кейін, сіз осы нұсқаулық бойынша жұмысты бастай аласыз:
Менің баларымның мәзірі жоқ. Мәзір қашан пайда болады?
Егер сіздің мектебіңізде мәзірі жарияланбаған болса, сіздің мектебіңіз MektepMenu порталына қосылмаған немесе мәзірді жарияламай жүр. Бұл жағдайда мектеп басшыларына жүгінуіңіз керек.
Өткен күннің мәзірін еңгізуге немесе өңдеуге бола ма?
MektepMenu порталында өткен күннің мәзірін еңгізу немесе өңдеу мүмкін емес.