Мектептерге

Егер білім беру ұйымы «Күнделік (Kundelik)» ЖШС компаниясының MektepMenu сервисінің көмегімен мектеп мәзірін электрондық форматта енгізу туралы шешім қабылдаса, оған келесі іс-әрекеттерді жасау қажет:

  1. Kundelik электрондық журналдар мен күнделіктер жүйесіне қосылу.
  2. MektepMenu қызметіне жазылуды рәсімдеу.
  3. Kundelik жүйесінде асхана меңгерушісі ретінде бір қызметкерді тағайындау. Мұны істеу үшін, осы қызметкердің парақша параметрлеріне өтіп, «Жеке деректер» қойындысында «Асхана меңгерушісі» мәнінің жанына құсбелгі қойып, өзгерістерді сақтау керек.
  4. Мектеп әкімшісі MektepMenu қызметіне жеткізушіні қосуы керек.
  5. Жеткізуші ретінде жаңа парақшаны жасағаннан кейін, «Асхана меңгерушісі» белгісі бар пайдаланушы мектеп мәзірін қосып, өңдей алатын болады.