Асханаларға
Егер сіз мектеп асханасында жеткізуші компанияның қызметкері болсаңыз және онлайн режимінде мектеп мәзірін толтыру қажет болса, Сіз MektepMenu қызметін пайдалана аласыз, ол үшін сізге:
- «Асхана меңгерушісінің» құқықтары бар Kundelik жүйесінде тіркелген парақшаның пайдаланушы аты мен құпиясөзін алу. Деректерді мектеп әкімшісі ұсынады.
- MektepMenu қызметін ашып, экранның жоғарғы оң жақ бұрышында орналасқан «Кіру» батырмасын басып, Kundelik жүйесінің пайдаланушы аты мен құпиясөзді пайдаланып кіріңіз.
- Мектеп әкімшісі MektepMenu қызметіне жеткізуші парақшасын қосқаннан кейін сіз мектеп мәзірін енгізуге, буфет прейскурантын жариялауға және компанияның көпшілік құжаттарын жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз.
Қызметке қосылу сұрақтары бойынша
support@mektepmenu.kz поштасына жазуды ұсынамыз.